Астаналық түлек ҰБТ-дан 140 балл жинады
Фото: Национальный центр тестирования
Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) қорытындысы бойынша Астанадағы дарынды қыздарға арналған "Білім-Инновация" мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Жанайым Рашит 140 ұпай жинады. Бұл туралы Zakon.kz сайтына елордалық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Оның ҰБТ-да негізгі пән ретінде "Дүниежүзі тарихы" мен "Ағылшын тілі" пәндерін таңдағаны белгілі.
Бойжеткен өз жоспарларын да жария етті: ол "Халықаралық қатынастар" факультетіне түсуді жоспарлап отыр.
20 мамырда ҰБТ-дан ең жоғары 140 балды Түркістан облысынан келген талапкер Жәнібек Әбілхан да жинап, болашағын IT саласымен байланыстыруды жоспарлап отырғанын хабарлаған едік.
25 маусымда Ұлттық тестілеу орталығы талапкерлерге арналған маңызды мәлімдемені жариялады. Қазақстанның болашақ студенттеріне гранттық байқауға құжаттар 13-20 шілде аралығында қабылданатыны айтылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript