Алматыда әскерилердің жаппай ұсталуына қатысты ІІМ түсініктеме берді
Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы қаласындағы әскери комиссариат қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өткен аптада әлеуметтік желілерде оңтүстік астанада әскери комиссариат қызметкерлері жаппай ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Атап айтқанда, Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, оның шақыру жөніндегі орынбасары, медициналық қызмет бастығы, сондай-ақ Түрксіб және басқа да аудандардың әскери комиссарлары.
"Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу департаменті Қорғаныс министрлігінің Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 451-бабы ("Билікті асыра пайдалану") бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр", – деп мәлімдеді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдері атап өткендей, ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.
Бұған дейін Абай облысында полиция үш борышкерді анықтағаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript