Францияда туристер отырған ұшақ құлады

Францияда туристер отырған ұшақ құлады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2025 09:33 Сурет: instagram/aeroclub_chartres_metropole
Францияның орталық-солтүстік бөлігінде орналасқан Эр-э-Луар аймағында Cessna 172 туристік ұшағы құлады. Үш адамның қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

BFMTV телеарнасының мәліметінше, ұшақ тұрғын үй орналасқан ауданда апатқа ұшыраған. Алайда бірде-бір үйге зақым келмеген. Тек бір автокөлікке соқтығысқаны анықталды.

"Апаттың мән-жайын әуе көлігі жандармериясы (GTA) мен ұлттық полиция бірлесіп тергеп жатыр", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ ұшақтың жергілікті әуеклубқа тиесілі болғаны анықталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: