Синоптиктер Алматы мен тағы үш қала тұрғындарына үндеу жолдады

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, загазованность, выхлопные газы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2025 09:38 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін Алматыда, Ақтөбеде, Атырауда және Петропавлда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ЖМҚ) күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары ескертті.

"2025 жылғы 30 маусымда Алматыда, Ақтөбеде, түнде Атырауда, Петропавлда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі".

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе тас жолдар немесе басқа ластаушы көздер жанында уақытты қысқартуға кеңес беріледі. Ал созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар далада жүргенде өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: