Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа көлік министрінің алдына қандай міндеттер қойғаны белгілі болды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа көлік министрінің алдына қандай міндеттер қойғаны белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2025 14:10 Сурет: primeminister.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов 2025 жылғы 30 маусымда Көлік министрлігі ұжымына Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған ведомствоның жаңа басшысы Нұрлан Сауранбаевты таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таныстыру барысында Нұрлан Сауранбаевтың көлік саласындағы тәжірибесі атап өтілді.

"Премьер-министр Мемлекет басшысының министрлік ұжымы алдына қойып отырған басым міндеттерді атап өтті. Соның ішінде, Қауіпсіздік кеңесі отырысында берілген тапсырмаларды ескере отырып, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру шеңберінде порттарды, логистикалық хабтарды, халықаралық авто және теміржол дәліздерін дамыту қажет",- делінген ақпаратта.

Сондай-ақ автожол саласын дамытуға, әсіресе ірі жобалардың жүзеге асырылу сапасын бақылауға назар аудару тапсырылды.

"Авиация саласында басым міндеттер қатарында инфрақұрылымды жаңғырту, әуежайлар салу және реконструкциялау, халықаралық бағыттар желісін кеңейту, сондай-ақ жалпы мақсаттағы авиацияны дамыту атап өтілді",- деп жазды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Мемлекет басшысы жаңа көлік министрін тағайындағын хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: