Мемлекет басшысы жаңа көлік министрін тағайындады

Тоқаев жаңа көлік министрін тағайындады, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2025 09:54 Сурет: akorda.kz
Қазақстанның жаңа көлік министрі болып Нұрлан Сауранбаев тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті жарлыққа бүгін, 2025 жылғы 30 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды:

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды.

Сауранбаев Нұрлан Ермекұлы — 1967 жылы Жамбыл қаласында туған. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Мұнай өнеркәсібін оқыту орталығын (Италия) бітірген. Мамандығы бойынша экономист, мұнай әкімшілендіру магистрі.

Жұмыс тәжірибесі:

• 1991-1997 жж. – "Еңбек" компаниясының бас директоры;

• 1997-1998 жж. – Қазақстан кәсіпкерлері конгресінің атқарушы директоры;

• 1998-2000 жж. – "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басшы лауазымдарындағы жұмыс;

• 2000-2010 жж. – "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарушы лауазымдарында жұмыс істеді;

• 2010-2011 жж. – "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарушы директоры;

• 2011-2014 жж.- ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі;

• 2014-2016 жж. – ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары;

• 2016-2017 жж. – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі ұйымдастыру комитетінің басшысы;

• 2017-2018 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының әкімі;

• 2019-2021 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі;

• 2021 жылдың сәуір айынан бастап – "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: