Антикор "Батыс Альянс Строй" компаниясының қызметіне қатысты түсінік берді
Сурет: mazhilis.parlam.kz
2025 жылғы 30 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров "Батыс Альянс Строй" ЖШС-нің қызметіне қатысты пікір білдірді. Аталған компания Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов пен Атырау облысы әкімінің орынбасарымен байланысы бар,деп хабарлайды Zakon.kz
Данияр Биғайдаровтың айтуынша, Атырау облысы бойынша агенттік департаменті лауазымды тұлғалар мен "Батыс Альянс Строй" ЖШС арасындағы мүдделер қақтығысының болу ықтималдығын тексеріп жатыр.
"Әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында бұған дейін анықталған жайттармен қоса, мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу, жұмыстарды орындау және Атырау облысының мемлекеттік органдары тарапынан "Батыс Альянс Строй" мердігерлік компаниясына бюджет қаражатын төлеу кезінде заң бұзушылықтар болуы мүмкін деген фактілер жарияланды. Бұл ақпарат Атырау облысы бойынша департаменттің Ақпарат тіркеу кітабына тіркелді. Тексеру жүргізу үшін материалдар Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды", – деді ол.
Сондай-ақ, Биғайдаров Мәжілісте мүдделер қақтығысын реттеуге бағытталған заң жобасы қаралып жатқанын айтты.
"Бұл жағдай сол заң жобасының қаралатын мәселесіне жатады. Заң қабылданған жағдайда мұндай фактілерге жол берілмейді", – деп толықтырды ол.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript