Қатаң тыйым салынды: Бурабайға келушілерге ескерту жасалды
Сурет: borovoe.kz
Бурабай ұлттық саябағында бірегей табиғат ескерткіші – Жұмбақтас жартасына кіруге жол жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осыған байланысты Ұлттық саябақ туристер мен жергілікті тұрғындарға 2025 жылдың 1 шілдесінде үндеу жасады.
"Жұмбақтас жартасы – эстетикалық ғана емес, мәдени құндылығы да бар бірегей табиғи ескерткіш. Жартасқа шығуға қатаң тыйым салынады! Бұл экологиялық ережелерді бұзып қана қоймай, өмір мен денсаулыққа қауіп төндіреді. Белгіленген шектеулерді сақтап, Қазақстанның табиғи мұрасына қамқорлық жасауыңызды сұраймыз", – делінген хабарламада.
Бұл тыйымды бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Сонымен қатар, бұзақылар бүлдіріп кеткен жартас бейнеленген видео жарияланды.
Бұған дейін Ұлттық саябақ туристерден Бурабайда ешқандай "естелік заттар": ағаштарға жіптер мен ленталарды қалдырмауды сұраған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript