Қазгидромет жеті қала тұрғындарына ескерту жасады

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, загазованность, выхлопные газы, пелена, дымка, загрязнение воздуха, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2025 09:25 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Ақтөбе, Алматы, Астана және Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ескертуінен белгілі болды:

"2025 жылғы 3 шілдеде Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Ақтөбе, Алматы, түнде Астана, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМ жағдайында қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе тас жолдар немесе басқа ластаушы көздер жанында уақытты қысқартуға кеңес беріледі. Ал созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар далада жүргенде өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: