Абай облысында полиция қызметкерлері Алакөл жағалауында рейд өткізді

Рейд барысында ерекше назарды демалушыларға қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлерге аударылды. Осы кәсіпкерлер – Алакөл жағалауындағы жайлы демалыстың бет-бейнесі саналады. , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2025 11:34 Сурет: ҚР ІІМ
Рейд барысында ерекше назарды демалушыларға қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлерге аударылды. Осы кәсіпкерлер – Алакөл жағалауындағы жайлы демалыстың бет-бейнесі саналады.

Тексеру барысында полиция қызметкерлері бірқатар бұзышылықты анықтады: демалыс орындарында қалдықтардың қалуы, аумақтардың тиісті деңгейде күтілмеуі және қоқыстарды шығару тәртібінің сақталмауы.

Құқық бұзушыларға қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылданды. Бірақ бұл рейдтің ең басты мағынасы – әркімнің таза ортаға жауапкершілігі бар екенін еске салу.

Полиция барлық жеке кәсіпкерді, демалушылар мен жергілікті тұрғындарды Алакөлдің тазалығына жауапкершілікпен қарауға және бірлесе әрекет етуге шақырады.

Тек бірлескен күш-жігермен ғана табиғи сұлулықты сақтап, баршаға жайлы әрі қауіпсіз демалыс орнын қамтамасыз етуге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: