Астанада мопед тізгіндеген жасөспірім әйелді қағып кетті: анасы жазаланды

Астанада мопед тізгіндеген жасөспірім әйелді қағып кетті: анасы жазаланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2025 20:39 Сурет: pixabay
Астанада ювеналдық сот 17 жастағы жасөспірімнің қатысуымен болған әкімшілік істі қарады. Ол мопедпен әйелді қағып кеткен, сондай-ақ моральға жат өмір салтын ұстанған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Н. есімді азаматшаға қатысты ӘҚБтК 127-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, Н. (17 жастағы) кәмелетке толмаған М.-ның заңды өкілі бола тұра, оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамаған. Соның салдарынан 2024 жылғы 4 қазанда М. мопед жүргізіп келе жатып, жол бойында жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Бұл жағдай ҚК 345-бабының 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танылған.

Сот отырысында Н. кінәсін мойындамай, баласының тәрбиесімен айналысқанын және жәбірленушінің жолды белгіленбеген жерден кесіп өткенін айтты. Алайда, сот әкімшілік іс материалдары негізінде Н.-ның кінәсін анықтады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігіне сәйкес, ата-ананың немесе өзге де заңды өкілдердің бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауы, егер бұл бала тарапынан қасақана жасалған қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылыққа әкеп соққан жағдайда, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе 10 тәулікке дейінгі әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

"Сот Н.-ның екі кәмелетке толмаған баласының болуын жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай ретінде ескеріп, сондай-ақ ауырлататын мән-жайлардың болмауына байланысты оған 14 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындады", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: