13 шілде күні Астанада бірнеше көше жабылады
Сурет: pixabay
Астана әкімдігі 2025 жылғы 13 шілдеде қалада өтетін ірі спорттық іс-шараға байланысты көлік қозғалысы шектелетінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл күні елордада ASTANA TRIATHLON half атты триатлон турнирі өтеді. Қатысушылар Орталық саябақтан бастау алып, Ильинка аумағында мәреге жетеді. Оларға үш кезеңнен тұратын қашықтықты бағындыру қажет:
- жүзу – 1,9 км,
- веложарыс – 90 км,
- жүгіру – 21,1 км.
Әкімдіктің мәліметінше, іс-шараға байланысты веложарыс өтетін аумақта бірнеше көшеде уақытша қозғалыс шектеледі.
Веложарыс бағыты:
- Бастау – Орталық саябақ (Орталық жағажай маңы);
- Тұран даңғылына шығып, көпір астымен солға бұрылу;
- Тұран бойымен Қорғалжың тас жолына дейін (оң жақ жолақпен);
- Оңға бұрылып, Қорғалжың тас жолымен айналып өтетін жолға дейін (оң жақ жолақпен);
- Айналма жолға солға бұрылып, қарсы жолақпен қозғалыс;
- Осыдан кейін Қорғалжың мен Қосшы (Қарқаралы) трассасы арасында 3 айналым (сол жақ жолақпен);
- Айналымнан соң – Қорғалжың тас жолына қайта шығып, Ильинка жағындағы веложолға өту;
- Мәре – велопрокат тұрағында.
Жүгіру веложол бойында өтеді.
Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарын жоспарларын алдын ала құрып, уақытша қозғалыс шектеулерін ескеруге шақырады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript