Көлікті айдап кетіп, қаза тапты: Павлодарда қылмыстың соңы қайғылы аяқталды
Сурет: Zakon.kz
13 шілдеде Павлодарда ер адам Mercedes-Benz маркалы көлікті айдап кеткен, алайда бұл қылмыс оған пайда әкелмеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, Ломов көшесі мен Н. Назарбаев даңғылының қиылысында ұры LADA Granta және Hyundai Tucson көліктерімен соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан көлік ұрлаған ер адам оқиға орнында көз жұмды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады", – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін 9 шілдеге қараған түні Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол апатына ұшырағанын жазған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript