Англияда аптап ыстықтың кесірінен өлім-жітім көбеюі мүмкін
Фото: pixabay
Соңғы 4 жылда Еуропада ыстықтың кесірінен 10 мыңнан астам адам көз жұмған.
Климаттық дағдарыс ауа температурасының әдеттегіден 2-4 градусқа көтерілуіне ықпал етіп отыр. Биыл Англия мен Уэльсте ең көп кісі өлімі тіркеледі деген қауіп бар. Әсіресе Лондон халқы сақтануы керек.
Денсаулық сақтау қауіпсіздігі агенттігінің деректеріне сәйкес, 2020-2024 жылдар аралығында аптаптан 10 мыңнан астам адам мезгілсіз көз жұмған. Мамандар үкіметтің климаттық дағдарысқа дайындығын жеткіліксіз және жүйесіз деп сынға алды, деп жазады qazaqstan.tv.
Ресми құжаттарда өлім себебі ретінде аптап ыстық сирек көрсетіледі. Себебі мұндай күн райы көбіне жүрек, өкпе, бүйрек ауруларын асқындырып, жанама түрде әсер етеді. Болжам бойынша, ғасыр соңына қарай Еуропада жыл сайын 8 мыңнан 80 мыңға дейін адам ыстыққа шыдас бермей, бақилық болуы мүмкін.
Мәселені шешудің басты жолы – қоршаған ортаны ластайтын қазба отындарын жағуды азайту. Ормандар мен батпақты жерлерді сақтау да маңызды, дейді ғалымдар.