Қытайдан 36 мыңнан астам турист: Алматы туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді

Алматы Қытай туроператорларының назарын өзіне аударып отыр. Бейжіңде өткен Beijing International Tourism Expo халықаралық туристік көрмесінің қорытындысы бойынша мегаполиске Қытай Халық Республикасынан 2025-2026 жылдары 36 мыңнан астам турист тартуды көздейтін 30 келісімге қол қойылды., сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2025 14:39 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы Қытай туроператорларының назарын өзіне аударып отыр. Бейжіңде өткен Beijing International Tourism Expo халықаралық туристік көрмесінің қорытындысы бойынша мегаполиске Қытай Халық Республикасынан 2025-2026 жылдары 36 мыңнан астам турист тартуды көздейтін 30 келісімге қол қойылды.

Бұл туралы қалалық туризм басқармасы хабарлады.

Қытай Алматы үшін туризм бағытындағы маңызды нарықтардың бірі. 2024 жылы шаһарға Қытайдан 99 167 турист келген. Бұл шетелдік қонақтардың жалпы санының 14,4%-ы.

Айта кетейік, 2025 жылы 27-29 маусымы аралығында Алматы өзінің туристік әлеуетін Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ең ірі іс-шараның бірі BITE 2025 көрмесінде таныстырды. Аталған көрмеге 60-тан астам елдің өкілдері қатысты. Алматының стендіне келген қонақтар қала мәдениетімен жақынырақ танысты: қазақтың ұлттық музыкасы шырқалып, дәстүрлі ас мәзірі ұсынылды, қолөнер бұйымдары мен тарихи үлгіде жасалған зергерлік әшекейлер қойылды.

Көрме қорытындысы бойынша Алматы стенді мазмұны мен жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін арнайы Best Organizing Award жүлдесіне лайық деп танылды.

BITE 2025 көрмесіне қатысу Алматыны дәстүрі бай, мәдениеті кемел және заманауи туристік инфрақұрылымы дамып келе жатқан ерекше бағыт ретінде халықаралық аренада насихаттаудың маңызды қадамына айналды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: