Астанада есірткі жарнамасын таратқан әйел сотталды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, судебный процесс, зачитывание приговора, судебная система, уголовный кодекс РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2025 16:12 Фото: Zakon.kz
Астанада 28 жастағы әйел есірткі құралдары мен психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын жарнамалаумен айналысты.

Бұл туралы 2025 жылдың 18 шілдесінде Бас прокуратура мәімдеді.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, ол қаладағы көпшілік пайдаланатын орындарға: көше бағандарына, жол белгілеріне, сыртқы кондиционерлерге, кіреберіс есіктеріне, шлагбаумдарға және басқа да көзге көрінетін жерлерге QR-коды бар стикерлерді жапсырған.

Сотталған фотосалоннан тыйым салынған заттар сатылатын интернет-платформаға апаратын әрқайсысында 4 QR-код жасырылған 116 стикер басып шығарған.

Аталған заңсыз әрекеттер қала бойынша орналастырылған бейнебақылау камералары арқылы полиция қызметкерлерімен анықталды.

Мемлекеттік айыптаушымен сотқа оның кінәсін дәлелдейтін жеткілікті айғақтар ұсынылды.

Сот үкімімен оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: