Қостанайда дәрігерге жасалған шабуыл: зардап шеккен хирург санавиациямен Астанаға жеткізілді

Қостанайда дәрігерге жасалған шабуыл: зардап шеккен хирург санавиациямен Астанаға жеткізілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2025 19:10 Сурет: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Қостанай облыстық ауруханасының дәрігеріне пациент шабуыл жасап, соның салдарынан ауыр жарақат алды. Хирург бүгін, 18 шілдеде, санитарлық авиация бортымен шұғыл түрде Астанаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, зардап шеккен дәрігерге Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында жетекші республикалық мамандардың қатысуымен мамандандырылған көмек көрсетіледі.

"Урология бөлімінің хирургі Антон Кистанов күрделі ота жасап болған соң, науқастарды қабылдауды жалғастыру үшін қабылдау бөліміне түскен. Сол жерде кезекте тұрған пациент себепсіз агрессия танытып, дәрігерге соққы жасаған. Салдарынан дәрігер есінен танып қалған. Ол ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілді. Диагнозы: ауыр дәрежелі ми шайқалуы, миға қан құйылу, бас сүйектің негізінің жабық сынуы", - делінген хабарламада.

Мамандар консилиумы нәтижесінде дәрігерді Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына ауыстырып, әрі қарай интенсивті ем мен бақылау жүргізу туралы шешім қабылданған.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әлеуметтік желідегі парақшасында былай жазды:

"Медицина қызметкерлеріне жасалатын зорлық-зомбылық фактілерінің жиілеуіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, жедел стационарлардың, перинаталдық орталықтар мен балалар ауруханаларының қабылдау бөлімдерінде тәулік бойы полиция бекеттерін орналастыру туралы шешім қабылдады".

Сондай-ақ, министр медицина қызметкерлеріне күш қолданғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуға бағытталған заңнамалық өзгерістер қыркүйек айында Парламентке енгізілетінін еске салды.

Дәрігерлердің қауіпсіздігін күшейту шаралары:

  • медициналық мекемелерге бейнебақылау жүйелері,
  • дабыл батырмалары,
  • қорғау қызметі орнатылады;
  • жедел жәрдем бригадалары бейнежетондармен жабдықталады.

Бұған дейін Zakon.kz Қостанайда науқастың диагноз нақтылау үшін келгенін, алайда дәрігерге шабуыл жасағанын хабарлаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: