Алматы әуежайы уақытша бір кіреберісін жабады

Алматы әуежайы уақытша бір кіреберісін жабады, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2025 19:24 Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 18 шілдеде Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі жолаушылар мен әуежай қонақтарына арналған маңызды хабарлама жариялады, деп жазады Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сәйкес:

"21 шілдеден бастап "Ақсұңқар" қонақ үйі алдындағы кіреберіс аумақты кеңейту бойынша жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты Ахметов көшесі жағынан әуежай аумағына кіріп-шығу уақытша жабылады", - делінген хабарламада.

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жоба аясында:

  • қосымша кіреберіс жолағы салынады,
  • жол төсемі жаңартылады.
"Бұл өзгерістер әуежайға ұшып кететін рейстердің жолаушыларын түсіру кезіндегі өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді", - деп мәлімдеді Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: