Астанада "Биг Шанхай" базары толықтай өртеніп кетті

Астанада "Биг Шанхай" базары толықтай өртеніп кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2025 20:36 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Астанада 18 шілде күні Байқоңыр ауданы, Алаш тасжолы бойында орналасқан “Биг Шанхай” базарының үш қабатты ғимаратындағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жалпы аумағы 30 113 шаршы метрді қамтыған өрт толығымен сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталу үстінде.

"Өртті сөндіру барысында жалынның үлкен аумаққа тез таралуы, жанғыш материалдардың көптігі, қатты түтін мен жоғары температура қиындықтар туғызды. Сонымен қатар сауда павильондарының тығыз орналасуы мен өрт ошақтарына қолжетімділіктің шектеулі болуы да өрт сөндіру жұмыстарын күрделендірді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар құтқарушылардың үйлесімді жұмысының арқасында өрттің жақын маңдағы ғимараттарға таралуына жол берілмегені айтылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: