Үшеуі бір адамға қарсы: Ақтауда әуежайдың автотұрағында жаппай төбелес болды

Үшеуі бір адамға қарсы: Ақтауда әуежайдың автотұрағында жаппай төбелес болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2025 16:47 Сурет: Zakon.kz
Ақтаудағы әуежайдың автотұрағында болған жаппай төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Zakon.kz хабарлауынша, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын полиция растады.

Желіде жарияланған кадрларда кем дегенде үш адамның бір адамға жабыла кеткені көрінеді.

Полицияның мәліметінше, жанжалға қатысы бар барлық азамат анықталып, жауапкершілікке тартылған.

"Маңғыстау облыстық полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, оқиға 2025 жылдың 23 маусымында болған. Алайда оның видеосы әлеуметтік желіге бүгін ғана тарады", - деп жазды Lada.kz.

Ведомство мәліметінше, төбелеске қатысқан үш адамға қатысты ҚР ҚК 293-бабы – "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жақын күндері іс материалдары сотқа жолданбақ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: