Биыл Қостанай облысында жарты жыл ішінде 1433 адамды ит қапқан

Бродячие животные, бездомные животные, бродячие собаки, бездомные собаки, бродячие псы, бродячая собака, бездомная собака, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2025 12:45 Фото: pxhere
Биыл жарты жыл ішінде 1433 адамды ит қапқан. Оның 600-ге жуығының иелері бар. Қалғаны "белгісіз" деген санатқа жатқызылады.

Мамандардың айтуынша, бұл санатқа иесі бола тұра, бос жүрген жануарлар да жатуы мүмкін.

Ал 2023 жылдан бері елімізде иттерді атуға тыйым салынды. Оның орнына санын реттеу үшін ұстап, стирильдеп, чип салу және оңалту туралы өзгеріс енді. Алайда бұл салада әлі шешілмеген мәселе көп, деп жазады qazaqstan.tv.

"Мердігерлер бірде бір итті стириль деп, бірде бір итті ұстаған жоқ. Содан біз жарты жылдан артық соттасып, шара жүргізілмеді. Қазіргі кезде қиындық туып жатқаны 4 бағдарламаның әртүрлі болғаны. Бір бағдарламаға қосқан кезде оған бір мердігер шығады. Сол кезде жұмыс тезірек жүреді." Талғат Шамшадин, облыстық Ветеринария басқармасы биологиялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы

Қаржы министрлігі бір бағытқа біріктіру бюджет заңнамасының нормаларына қайшы келетіндігін хабарлады. Жалпы биыл облыс бойынша 4 бағыт бойынша бюджеттен 130 млн теңге бөлінген. Бұл 3500 итке ғана жетеді. Әзірге алты айда оның 1700-ден астамы толық стирильденіп, қайтадан босатылған.

Заңнамаға сәйкес әр азамат үй жануарын чиптеуге міндетті. Олай болмаған жағдайда 15 АЕК есебіндегі айппұл көзделген. Чиптегі бар мәлемет "Таңба" сайтына сақталады. Адамды ит қапқан жағдайда жануарды лезде анықтап, клиникалық жағдайға баға беріп, қауіпті аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: