2025 жылы Қазақмыс еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздікке 178 млрд теңге инвестиция салады

"Қазақмыс" еңбек жағдайын жақсарту және өндірістік тәуекелді азайту бойынша атқарып келе жатқан жүйелі жұмысын жалғастыруда., сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2025 13:50 Сурет: "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС
"Қазақмыс" еңбек жағдайын жақсарту және өндірістік тәуекелді азайту бойынша атқарып келе жатқан жүйелі жұмысын жалғастыруда.

2024 жылы компания еңбекті қорғауға және өнеркәсіптік қауіпсіздікке 80 млрд теңге бағыттады, оның 64 млрд теңгесі – инвестиция, 16 млрд теңгесі – ағымдағы шығын.

Негізгі қаражат тау-кен қазу жабдығы мен желдету жүйесін жаңартуға (30 млрд), жұмыскерлерді сақтандыруға (14 млрд), ғимараттарды жөндеуге (9,6 млрд), өрт қауіпсіздігі мен құрал-жабдықты жөндеуге (әрқайсына 4,6 млрд), сондай-ақ еңбек медицинасына (1,2 млрд) жұмсалды.

Сурет: "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС

2025 жылы инвестиция көлемі айтарлықтай артты – 178 млрд теңге күрделі салымға, 20 млрд теңге ағымдағы шығынға бағытталды. Негізгі басымдық – тау жынысының құлау қаупін азайту (90 млрд), ғимараттарды жөндеу (28,8 млрд), өрт қауіпсіздігі мен айналмалы механизмдермен жұмыс (әрқайсына 13,8 млрд), еңбек медицинасы (3,6 млрд) және биіктікте жұмыс істеу, оқыту мен көлік қауіпсіздігі шараларына (15,4 млрд) берілді.

Инвестициядан бөлек, Қазақмыс адам капиталын қарқынды дамытуда. Компанияда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бойынша басшыларға арналған стратегиялық сессиялар мен оқыту тренингтерінің циклы басталды. Алғашқы тренинг Астанада өтті, оған 50-ге жуық өнеркәсіптік кәсіпорын басшысы мен топ-менеджмент өкілі қатысты.

Сурет: "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС

Сессияда ЕҚжӨҚ бойынша үздік тәжірибелер талқыланып, еңбекті қорғауды басқару жүйесі сараланды және 2025-2026 жылдарға арналған жеке міндеттемелер мен жобалар айқындалды.

Іс-шара топ-менеджерлердің көшбасшылық қасиетін дамытуды, кәсіпорындарда қауіпсіздік мәдениетін арттыруды, сондай-ақ жұмыс орнындағы тәуекелдерді азайтуға бағытталған тың тәжірибелерді енгізуді көздеді.

Қатысушылар екі күн бойы көшбасшылық қабілетті дамыту мен еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесін шешу жолдарын талқылады. Сонымен қатар әлемнің үздік тәжірибелері мен өзге компаниялардың үлгісіне сүйене отырып, түрлі кейстерді саралады.

Сурет: "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС

Тренинг қорытындысында еңбекті қорғау жөнінде арнайы жұмыс тобын құру және алынған білім негізінде дамудың ішкі жол картасын әзірлеу жоспарланды. Құжатта үздік тәжірибелер мен құралдарды қолдану қажеттігі нақтыланған, атап айтқанда: тәуекелдерді бағалау, коммуникацияны дамыту, тәлімгерлік, бағыттар бойынша ішкі жаттықтырушыларды даярлау, комитет отырыстарын өткізу, жұмыскерлерді дұрыс ынталандыру және т.б. Осы құралдарды енгізу және жүйелі пайдалану компаниядағы қауіпсіздік мәдениетін айтарлықтай арттырып, өндірістегі тәуекелді азайтуға көмектеседі.

Сурет: "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС

Қазақмыс алдағы уақытта да өңірлер мен өндірістік алаңдарда салалық тренинг өткізіп, орта буын басшылары мен желілік персоналды оқыту ісін жалғастыруды жоспарлап отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: