Абай облысында күдіктіден 100 келіден астам марихуана мен 7 келі гашиш тәркіленді

"Қарасора – 2025" және "Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында Абай облысының полицейлері Алматы облысының 33 жастағы тұрғынының тұрғылықты жерін тінту барысында өсімдік тектес жасыл түсті зат салынған төрт қап пен ұнтақ тәріздес жасыл түсті зат салынған полимерлік пакет тапты., сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2025 11:11 Сурет: ҚР ІІМ
"Қарасора – 2025" және "Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында Абай облысының полицейлері Алматы облысының 33 жастағы тұрғынының тұрғылықты жерін тінту барысында өсімдік тектес жасыл түсті зат салынған төрт қап пен ұнтақ тәріздес жасыл түсті зат салынған полимерлік пакет тапты.

Сот-наркологиялық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар — жалпы салмағы 105 келіден астам кептірілген марихуана және 7 келіден астам гашиш екені анықталды.

Тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындап, жабайы қарасораны өзі жинап, кептіріп, кейін сату мақсатында сақтағанын айтты.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Полиция есірткінің заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша кешенді шараларды жалғастыруда және азаматтарды мұндай деректер туралы "102" нөміріне хабарлауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: