Қазақстан мен Түркия ғылым мен технология саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті
Фото: pixabay
Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қазақстан Үкіметі мен Түркия Үкіметі арасындағы Іске асыру туралы хаттамаға қол қою туралы" үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жоба Қазақстан мен Түркияның ұйымдары, университеттері мен ғылыми-зерттеу институттары арасындағы ғылым мен технология саласындағы ынтымақтастықты әр елдің қолданыстағы заңнамасы мен нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес дамытуды көздейді.
Күтілетін нәтижелер:
- бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін зерделеу;
- академиялық зерттеулер жүргізу мақсатында жекелеген ғалымдармен алмасу;
- бірлескен академиялық ғылыми-техникалық іс-шараларды ұйымдастыру және оларға қатысу;
- технопарктерді басқару бойынша ақпарат алмасу, бірлескен біліктілік орталықтары мен бірлескен зертханалар құру бойынша іс-шаралар өткізу;
- зерттеулер, әзірлемелер және инновациялар бойынша Еуропалық Одақтың шеңберлік бағдарламаларына (ЕО FPs) қатысу.
Құжат 8 тамызға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында орналастырылған.
Түркия азаматтары Қазақстанда 90 күнге дейін визасыз жүре алатыны бұған дейін хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript