Полиция жүргізушілерді арнайы дабыл белгісі қосылған көліктерге кедергісіз жол беруге шақырды

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2025 16:58 Фото: pexels
Ақтөбе қаласының полиция департаменті жүргізушілерге жолда сақтық танытып, арнайы дабыл белгісі қосылған көліктерге кедергісіз жол беруге шақырады.

Жол берілген санаулы секунд – адам өмірін сақтап қалуға ықпал етуі мүмкін. Мұндай құқық бұзушылықтар жиі болмаса да, әлі де кездесіп отырады.

Жыл басынан бері Ақтөбе қаласында жедел жәрдемге жол бермеген 6 жүргізуші жауапқа тартылды. Патрульдік полиция қызметкерлері күнделікті рейдтер барысында арнайы дабыл белгісімен келе жатқан жедел қызмет көліктеріне жол бермеу жағдайларын анықтауда.

Жүргізушілердің басым бөлігі ережені сақтағанымен, кейбір жағдайларда бұл талап орындалмай жатыр.

Осындай жайттардың бірі 23 шілде күні орын алды, жедел жәрдем қызметі шұғыл шақыртуға бара жатқан сәтте, Toyota Prado автокөлігінің жүргізушісі дабыл белгісіне қарамастан жол бермей, қозғалысын жалғастырған. Оқиға орнында болған патрульдік полиция экипажы жүргізушіні тоқтатып, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 598-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

"Жедел жәрдемнің әрбір минуты есепте. Жол берілмеген бірнеше секундтың арты орны толмас салдарға соқтыруы мүмкін", – дейді патрульдік полиция батальонының инспекторы Балтабек Қанатұлы.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, арнайы қызмет көліктеріне жол бермегендерге 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл талап барлық жүргізушілер үшін міндетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: