Ақтөбе облысында полиция жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушілерді ұстады

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, видеожетон, видеожетоны, смарт-жетоны патрульных, камера полиции, камера полицейского, камера полицейских, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2026 16:29 Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова
Демалыс күндері Ақтөбе қаласының патрульдік полиция батальоны жолдардағы бақылауды күшейтіп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аударуда.

Қасақана құқық бұзушыларды анықтау және олардың алдын алу мақсатында қызметке айырым белгілері жоқ азаматтық көліктердегі жасырын патрульдер шығарылды.

Мұндай тәсіл жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды тиімді анықтауға және жүргізушілердің қауіпті әрекеттерін жедел тоқтатуға мүмкіндік береді.

Негізгі міндет — жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды, әсіресе агрессивті жүргізу деректерін анықтау. Атап айтқанда, күрт жолақ ауыстыру, "шашка" тәрізді қозғалыс, басқа көліктерді қысып өту және апатты жағдайлар туындату.

Осындай құқық бұзушылықтарды тіркей отырып, жасырын патрульдер ақпаратты нақты уақыт режимінде жақын маңдағы патрульдік полиция экипаждарына жолдайды. Олар көлік құралдарын дереу тоқтатып, жүргізушілерді заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартады.

Өткізілген іс-шаралар барысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған 30-дан астам көлік құралы анықталды. Бұл ондаған жол-көлік оқиғаларының, соның ішінде ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік берді.

Жылдамдықты асырған және өзгеде құқық бұзушылықтарға жол берген жүргізушілер жауапкершілікке тартылып, көлік құралдары айыппұл тұрағына қойылды.

Бұл — жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жазаның бұлтартпайтынын тағы бір мәрте дәлелдейді. Естеріңізге саламыз: жол қозғалысы ережелерін сақтау — сіздің және айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігінің негізі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: