Сыртқы істер министрлігі Таиландтағы қазақстандық туристерге қауіп төніп тұрған жоқ деп хабарлады

Таиланд 2025 жылдың маусымында Камбоджамен шекарасы арқылы жүруге шектеу қойды. Әскерилер барлық дерлік саяхатшыларға, соның ішінде туристер мен саудагерлерге өткелдерді жапты., сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2025 16:50 Сурет: Zakon.kz
2025 жылдың 24 шілдесі, бейсенбіге қараған түні шекараның даулы учаскесінде Таиланд пен Камбоджа әскерлері арасында қақтығыс болды. Екі жақ та шекара бойындағы позицияларын нығайтқандықтан, жағдай шиеленісіп тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің (СІМ) баспасөз қызметі осы жанжал төңірегіндегі жағдайға түсініктеме берді. Айта кетерлігі, Тайланд қазақтар үшін жыл бойы демалыс орны болып қала береді.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Zakon.kz тілшісінің сауалына берген жауабында қақтығыс болған аймақтарда қазақстандық туристер жоқ екенін мәлімдеді. Демалысқа ұшып кеткендердің қорқуға себебі жоқ.

Таиланд 2025 жылдың маусымында Камбоджамен шекарасы арқылы жүруге шектеу қойды. Әскерилер барлық дерлік саяхатшыларға, соның ішінде туристер мен саудагерлерге өткелдерді жапты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: