Астанада түнгі таныстық ұрлықпен аяқталды

Астанада түнгі таныстық ұрлықпен аяқталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2025 18:52 Сурет: unsplash
Астанада полицейлер түнгі таныстықты өз пайдасына пайдаланбақ болған 27 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу мәліметінше, күдікті әйелмен елорданың түнгі клубтарының бірінде танысқан. Әңгімелері жарасып, кешті қонақүй нөмірінде жалғастыруды ұйғарған. Алайда әйел адам ұйықтап қалған сәтте, ер адам оның жеке заттарына қол жеткізіп, бағасы 700 мың теңгеден асатын ұялы телефонын жасырын түрде ұрлап кеткен.

Жоспары қарапайым болған: ешкімге байқатпай кетіп, пайда табу. Алайда бейнебақылау камералары мен полицияның жедел әрекеті оның "ұрлап, жоқ болу" жоспарын іске асыртпады.

Күдіктінің жеке басы анықталып, ол қолға түсті.

Ұрланған телефон табылып, иесіне қайтарылды.Күдікті ұрланған құрылғыны келесі күні кездейсоқ өтіп бара жатқан адамға сатып жіберген.

Алайда ұзаққа бармады: жәбірленуші полицияға шағым түсіріп, оның түр-әлпетін сипаттап берген. Көп ұзамай күдікті қала көшелерінің бірінде ұсталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: