Жүргізуші куәлігінен айырылған мас азамат полициядан қашып, патрульдік көлікпен соқтығысты

Такси, таксист, таксисты, водитель, водители, водитель такси, водители такси, таксопарк, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2025 09:38 Фото: pexels
Астана қаласының прокуратурасы 2025 жылдың 25 шілдесінде берген ақпаратына сай, жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам алкогольдік мас күйінде автокөліктізгінін ұстаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, полиция қызметкерлері тоқтату талабын қойған кезде, ол заңды талапқа бағынбай, оқиға орнынан бой тасалауға тырысқан.

Қашу барысында бірнеше рет жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді.

Қылмыстық әрекет патрульдік автокөлікпен соқтығысумен аяқталды.

Бұзақы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан және өмір бойы көлік басқару құқығынан айырылды.

Келтірілген материалдық шығын сотталушымен толық көлемде өтелді.

Прокуратура ескертеді, Көлік жүргізу құқығынан айырылған адамның алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық мас күйінде көлік басқаруы, сондай-ақ мұндай адамға көлік құралын басқаруға мүмкіндік беру — Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айыра отырып 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына алып келеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: