Алматының орталығында көлік қозғалысына шектеу енгізіледі

Алматылықтарға қала орталығындағы көше жабылатыны туралы ескерту жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2025 15:06 Сурет: Zakon.kz
Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Бөгенбай батыр көшесінің кей бөліктері кезең-кезеңімен жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, көлік қозғалысына уақытша шектеулер келесі екі учаскеде енгізіледі:

  • 27 шілде күні сағат 23:00-ден 28 шілде сағат 06:00-ге дейін – Бегалин көшесінен Достық даңғылына дейінгі аралықта;
  • 28 шілде сағат 23:00-ден 29 шілде сағат 06:00-ге дейін – Достық даңғылынан Назарбаев даңғылына дейінгі аралықта.
"Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі көрсетілген стендтер орнатылады. Жолда ыңғайсыздық туындамас үшін маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз", - деп хабарлады әкімдік.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: