Абай облысында қоғамдық орындарды ластаған тұлғалар анықталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2025 15:51 Фото: Zakon.kz
Абай облысында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында қоғамдық орындарды ластауға жол бермеу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

2025 жылдың басынан бері полиция қызметкерлері 7400-ден астам құқық бұзушылықты тіркеген. Оның ішінде — қоқысты контейнерден тыс жерге тастау, темекі тұқылын лақтыру және басқа да ұсақ бұзақылық әрекеттер бар.

Қоғамдық тәртіпті бұзушыларды анықтауда Семей қаласындағы Жедел басқару орталығының бейнекамералары мен фототұзақтарының рөлі ерекше.

Күн сайын камералар азаматтардың көшеде немесе аулаларда қоқыс қалдырып, қоршаған ортаға бейжай қарайтынын тіркеуде.

"Бейнежазбаларда көріп отырғандарыңыз — өкінішке қарай, күнделікті шындық. Коммуналдық қызметтерді қанша кінәласақ та, нақты өзгеріс әр адамның өзінен басталғанда ғана болады", — деп атап өтті полиция өкілдері.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: