Полиция "Таза Қазақстан" науқаны аясында алматылық тұрғындарға үндеу жолдады

Парк имени 28 гвардейцев-панфиловцев, Дом офицеров, Музей музыкальных инструментов имени Ыкыласа, Алматы, весна в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, достопримечательности Алматы, достопримечательности города Алматы, туризм в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2025 13:41 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматы қаласында "Таза Қазақстан" науқаны аясындағы шаралар жалғасуда. Бұл бастама қала тұрғындарының жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаевтың айтуынша, күн сайын бейнебақылау камералары арқылы қаланы ластау деректері тіркеліп отырады.

"Өкінішке қарай, кейбір азаматтар қоқысты жәшікке тастауға ерініп, айналасына лақтырып жатады. Көліктен қоқыс шашып, көшеде түкіріп, қоғамдық орындарды, ғимараттардың қасбеттерін және балалар алаңдарын бүлдіретін жайттар жиі кездеседі. Бұл — тек тұрмыстық салақтық емес, бұл — заң бұзушылық әрі қоғамдық мәдениет пен қоршаған ортаға деген құрметтің жоқтығы", — деді ол.

Серік Шумаев Ішкі істер министрлігі 2025 жылды "Профилактика жылы" деп жариялағанын атап өтіп, әрбір көше мен аулада тәртіп пен заңдылықты сақтау маңызды міндет екенін еске салды.

"Біз бәріміз де қауіпсіз әрі таза қоғамда өмір сүргіміз келеді. Алайда мұндай орта әр азаматтың жеке жауапкершілігінсіз қалыптаспайды. Тазалықты бұзу — тек әкімшілік құқықбұзушылық қана емес, ол Алматы қаласының көркі мен абыройына нұқсан келтіреді. Өз-өзіңізді сыйлаңыз — қалаңызды да құрметтеңіз. Қоқысты бейберекет тастамаңыз, көшеде түкірмеңіз. Егер біреудің қоғамдық тәртіпті бұзып жатқанын көрсеңіз, бейжай қарамаңыз: ескерту жасаңыз немесе тиісті қызметтерге хабарлаңыз", — деді Серік Шумаев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: