Түркістан облысында алма бағында өрт шықты
Сурет: polisia.kz
Түркістан облысында полицейлер алма бағындағы өрттің алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Түркістан облысы Төлеби ауданы Екпінді ауылындағы алма бақта өрт шығып, 1 гектар аумақтың 60 сотығын қамтыды. Аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Бауыржан Ерментай мен Ақжан Жұмаділ және полиция аға лейтенанты Бөгенбай Өмірсеріков қауіпті жағдайды бірінші болып байқап, дереу әрекет еткен.
"Қызмет көрсетілетін аумақты күнделікті аралау кезінде полиция қызметкерлері алма бағының үстіндегі түтінді байқап, дереу өрт сөндіру бөліміне хабарлап, әріптестерін көмекке шақырды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін учаскелік инспекторлар өміріне қауіп төнгеніне қарамастан өртті өз бетінше сөндіру туралы шешім қабылдап, қызыл жалынмен күресті бастап кетті. Жедел қабылданған шешім мен келісілген іс-қимылдардың арқасында өрттің кеңінен таралуына жол берілмеді", - делінген хабарламада.
Келген өрт сөндірушілермен бірге өрт толығымен оқшауланды және ауыл тұрғындары мен бақша иелеріне ешқандай зиян келтірілмеді.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып, аталған факті бойынша тиісті тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript