Алматыда 6-31 тамыз аралығында қай автобустар қозғалыс тәртібін өзгертеді

Общественный транспорт в Алматы, автобусы в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2025 16:35 Фото: Zakon.kz
Алматыда №66, №98 және №112 бағыттағы үш маршрут автобусының қозғалыс схемалары уақытша өзгертіледі, деп хабарлайды Zakon.kz. Бұл туралы 2025 жылғы 5 тамызда оңтүстік астананың көлік холдингі мәлімдеді.

Ақпаратқа сәйкес, 6-дан 31 тамызға дейін маршруттардың қозғалыс схемалары уақытша өзгереді:

  • №66 маршруты – батыс бағытта: Абай даңғылы – Байтурсынов көшесі – Сәтпаев көшесі, одан әрі схема бойынша. Қайтар бағытта өзгеріс жоқ;
  • №98 маршруты – батыс бағытта: Абай даңғылы – Байтурсынов көшесі – Сәтпаев көшесі, одан әрі схема бойынша. Қайтар бағытта өзгеріс жоқ;
  • №112 маршруты – батыс бағытта: Шевченко көшесі – Манас көшесі – Сәтпаев көшесі, одан әрі схема бойынша. Қайтар бағытта өзгеріс жоқ.

Себебі – Сәтпаев көшесінде су құбырының сыртқы желісін тарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы: бизнес орталығы "Сәтті"-ден бастап, Жандосов көшесі арқылы Байзақов көшесіне өтіп, Абай даңғылына дейін (Бостандық ауданы, БЦ "BAYZAK").

2025 жылдың 22 шілдесінде Алматыда бес автобустың қозғалыс тәртібі өзгергені хабарланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: