Алматыда көлік әйнектерін сындырған ер адам ұсталды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2025 12:45 Фото: Zakon.kz
Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері автокөліктерден ұрлық жасағаны үшін 42 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Тергеу мәліметіне сәйкес, күдікті, негізінен түнгі уақытта әрекет етіп, аулаларда тұрған көліктердің терезелерін сындырып, ішіндегі бейнетіркегіштерді, телефондарды және басқа да құнды заттарды ұрлаған.

"Қазіргі уақытта оның Алматы қаласында жасалған осындай сегіз қылмысқа қатысы бар екені белгілі болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Біз осыған ұқсас басқа да қылмыстарды саралап жатырмыз және оның басқа деректерге де қатысы болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз", – деді, Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Полицейлер, көлік иелеріне әсіресе түнгі уақытта көлік салонында құнды заттарды қалдырмауға кеңес береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: