Қазақстанда "Абай өлеңдері әлем тілдерінде" атты халықаралық челлендж өтіп жатыр

Дворец Республики, площадь Абая, площадь имени Абая, Абай Кунанбаев, памятник Абаю Кунанбаеву, памятник Абая Кунанбаева, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2025 14:26 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанның Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай "Абай өлеңдері әлем тілдерінде" атты халықаралық челлендж басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2025 жылғы 6 тамыздағы баспасөз қызметінің мәліметінше, жобаның мақсаты – Абай мұрасын халықаралық деңгейде насихаттау және көпұлтты қауымдастық арасында қазақ мәдениетіне қызығушылықты арттыру.

Челлендж қатысушыларының қатарында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, төтенше және өкілетті елшілер, шетелдік ұлттық және балалар кітапханаларының басшылары, этномәдени орталықтардың өкілдері мен белсенді оқырмандар бар.

Челлендж аясында Абайдың өлеңдері қазақ, орыс, поляк, неміс, беларусь, армян, моңғол және үнді тілдерінде оқылды.

Бұған дейін Қазақстанда театрлар, филармониялар мен мұражайлар арасында бюджет субсидиялары бөлінгені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: