Трамп Путинмен кездесер алдында Лукашенкомен сөйлесті

Трамп Путинмен кездесер алдында Лукашенкомен сөйлесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2025 20:00 Сурет: flickr/White House
АҚШ президенті Дональд Трамп 15 тамызда Беларусь президенті Александр Лукашенкомен 1 300 тұтқынды босату мәселесін талқылағанын хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Беларусь Республикасының аса құрметті президенті Александр Лукашенкомен тамаша әңгіме өткіздім. Қоңыраудың мақсаты – 16 тұтқынды босатқаны үшін алғыс айту. Сондай-ақ тағы 1 300 тұтқынды босату мүмкіндігін талқыладық. Әңгімеміз өте жақсы өтті", - деп жазды президент.

Оның айтуынша, олар көптеген тақырыпты, соның ішінде президент Путиннің Аляскаға сапарын да сөз еткен.

"Болашақта президент Лукашенкомен кездесуді асыға күтемін. Бұл мәселеге назар аударғаны үшін алғыс айтамын!", - деп қорытындылады Трамп.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтоннан Анкориджге ұшып кеткенін хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: