Алматыда 10 жастағы бала құрылысы бітпеген көпірге шығып алған: құтқарушылар көмекке келді
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Кешкісін Алматының Алатау ауданында құтқарушыларға үшбұрышты баспалдақ орнатып, биіктен баланы түсіруге тура келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
10 жастағы бала аяқталмаған жаяу жүргіншілер көпіріне шығып, қорқып қалғандықтан, өздігінен түсе алмады.
Құтқарушылар арнайы баспалдақтың көмегімен баланы абайлап жерге түсіріп, онымен қауіпсіздік ережелері жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізді.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысындағы төтенше жағдай туралы хабарлаған едік: бір жасар сәби көшедегі әжетханаға құлап кеткен. Үлкендер өз күштерімен шығара алмаған соң, құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript