Астанада құтқарушылар "Қараөткел" көпірінің аркасына шығып алған ер адамды құтқарды

Астанада "Қараөткел" көпірінің теміріне шығып алған 32 жастағы ер адамды төменге мәжбүрлеп түсіруге тура келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқыс оқиға 11 мамырда түстен кейін болды.
"Бүгін Астана қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Сарыарқа ауданында 1993 жылы туған ер адамды құтқару бойынша сәтті операция жүргізді", делінген төтеншеліктер хабарламасында.
Ол "Қараөткел" көпірінің аркасында отырған. Қызметкерлер оқиға орнына шұғыл жетіп, ер адамды аман-есен түсіріп, полиция қызметкерлеріне тапсырды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Бұған дейін Жетісу облысында тауда батқан көлікке көмекке атанған құтқарушылар үш шақырым жаяу жүруге мәжбүр болғаны белгілі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript