Астанада құтқарушылар көпір доғасына шыққан ер адамды аман алып қалды
Фото: Zakon.kz
Астананың Сарыарқа ауданында ер адамның “Қараөткел” көпірінің доғасына шығып, шамамен 30 метр биіктікте болғаны туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары жедел жетті.
Құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтарды пайдаланып, жедел әрекет ету барысында ер адамды биіктіктен қауіпсіз жерге түсірді. Ол құтқарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Бұған дейін Алматы тауларында жоғалып кеткен Оңтүстік Корея азаматының әлі де іздестіріліп жатқаны туралы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript