Алматы тауларында турист жарақат алып, құтқарушылар көмек көрсетті
Сурет: pexels
Төмен түсіп келе жатқан кезде туристердің бірі Богданович мұздығы маңындағы мұзды жерде тайып құлап, денесін жарақаттап алған. Ал қалған екі турист жер бедерінің күрделілігіне байланысты төмен қарай жүре алмаған. Қараңғы түскен соң олар көмек сұраған.
Бұл туралы 2026 жылғы 8 қыркүйекте Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Құтқарушылар туристерді тауып, олардың қауіпсіз түрде төмен түсуін қамтамасыз етті. Жарақат алған туристке алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін Алматыдағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Қалған екі туристке медициналық көмек қажет болмаған.
Бұған дейін, 2026 жылғы 7 қыркүйекте "Қазселденқорғау" Алматыны су басу қаупі бар-жоғын айтқан еді. Себебі қала Іле Алатауының етегінде орналасқан, сондықтан мұнда табиғи қауіптердің болуы – қалыпты жағдай.