Қостанайда денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы, бас дәрігер және кәсіпкер қамауға алынды
Сурет: pexels
Олар 2025 жылғы 25 тамызда медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде қызметтік өкілетін теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталған.
Қостанай облысы прокуратурасының мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы, 4-бөлігі, 3-тармағы бойынша жүргізіліп жатыр.
"Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді", - деп хабарлады прокуратура.
Айта кетейік, 2025 жылғы 15 шілдеде облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Данияр Жандаевтың өз еркімен қызметінен кеткенін, бұған қоныс аудару себеп болғанын хабарлаған. Ол бұл қызметке 2022 жылдың қыркүйегінде тағайындалған, оған дейін екі жыл Қостанай қалалық ауруханасы басшысының міндетін атқарған.
Жандаев тағайындалғаннан кейін 2020 жылдан бері жалғасып келе жатқан облыстық балалар ауруханасының жөндеуін аяқталады деп жоспарланған, алайда жұмыстар аяқталмаған.