Жасанды интеллектті үйренгісі келетін педагогтарға жақсы хабар жеткізілді

Интернет, сеть, цифровизация, цифровые технологии, digital, современные технологии, цифровизация, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2025 09:47 Фото: freepik
Қазақстандық педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға бағытталған оқыту басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа оқу жылы қарсаңында мұғалімдердің кәсіби даярлығын заманауи талаптарға сай жетілдіру мақсатында ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ЮНЕСКО-мен бірлесіп жаңа бағдарламаны іске қосты. Бағдарлама халықаралық тәжірибе негізінде әзірленіп, қазақстандық оқу жүйесіне бейімделген.

Оқыту барысында педагогтер:

  • жасанды интеллект құралдарын тиімді әрі этикалық тұрғыдан дұрыс қолдануды;
  • промпт жазу әдістерін;
  • сабақ жоспарлау тәсілдерін;
  • тестілер мен оқу материалдарын әзірлеуді;
  • иллюстрациялар жасауды;
  • оқу мазмұнын жетілдіру және оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдарын меңгереді.

Бағдарлама жасанды интеллектіні педагогтің орнын алмастырушы емес, кәсіби қызметін жеңілдететін сенімді құрал ретінде қолдануға бағытталған. Ол мұғалімге шығармашылыққа көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.

"Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған бұл оқуға мұғалімдер https://reg.orleu.edu.kz сайты арқылы тіркеліп, LMS платформасында тегін қатыса алады. Бір аптаның ішінде 100 мыңға жуық адам қатысып, соның жартысына жуығы сертификат алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: