Алматы, Өскемен және Ақтөбе тұрғындарына қолайсыз метеожағдайлар туралы ескерту жасалды

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2025 11:21 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтілетінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті ақпарат жұма күні Гидрометорталықтың сайтында жарияланды.


"2025 жылғы 29 тамызда Өскемен, Ақтөбе және Алматы қалаларында қолайсыз метеожағдайлар күтіледі", – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл зиянды (ластаушы) заттардың атмосфераның жерге жақын қабатында жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш ауа райы, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада болу уақытын, әсіресе автожолдар мен ластау көздерінің маңында шектеу ұсынылады.

Созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға далада жүрген кезде қажетті дәрі-дәрмектерін өздерімен бірге алып жүру ұсынылады.

Бұған дейін синоптиктер 2025 жылдың жазғы соңғы үш күнінде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қандай ауа райы болатынын хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: