Телефонға тыйым: Астанадағы НЗМ-де оқушылар арасында ығы-жығы болды
Сурет: unsplash
2 қыркүйекте Желіде Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектептерінің филиалында оқушылардың қысылып қалған сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ата-аналардың айтуынша, жағдайдың шығуына себеп – 7-ден 12-сыныпқа дейінгі оқушылардан таңертең телефондарды жинап алып, сабақтан кейін барлығының бір мезгілде бір бөлмеден гаджеттерін алуына байланысты.
Ата-аналар мұндай жағдай қауіпті болуы мүмкін екенін, оқушылар жарақат алып қалуы ықтимал екенін айтып отыр. Сондай-ақ смартфондарға толық тыйым салу күні бойы балалармен байланысуға мүмкіндік бермей отырғанын жеткізді.
НЗМ-ның баспасөз қызметі Zakon.kz-ке берген түсініктемесінде барлық мән-жайдың жедел анықталғанын және мектеп әкімшілігі мұндай оқиғаның қайталанбауы үшін шара қабылдағанын мәлімдеді.
"Аталған оқиға бір рет және тек бір мектепте болды. Сонымен қатар НЗМ-нің кейбір мектептерінде смартфондарды оқу процесінде шектеу бастамасы пилоттық жоба ретінде ішінара енгізілген", - делінген мектептің хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript