Астанадағы балабақшалардың бірінде екі әйел төбелесіп қалды

30 қаңтарда Қазнетте Астанадағы балабақшада екі әйелдің төбелесіп жатқаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Zakon.kz .
Авторлардың айтуынша, әйелдер арасындағы жанжал "Балбөбек" балабақшасында болған.
Кадрлардан екеуі әуелі сөзге келіспей қалып, кейін бірін бірі ұрғанын көруге болады.
Астана полиция департаменті Zakon.kz тілшісіне бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.
"Екі тарап та дене жарақаттары туралы шағыммен полицияға жүгінді, бұл факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады ведомство.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript