Төлем тағайындау кодтары: өзгерістер енгізілді

Аудит, расчет, аудитор, юридическая проверка, графики, график, экономика, предпринимательство, бизнес, инвестиционные контракты, договоры, инвестиции, инвестирование, рост экономики, экономический рост, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2025 10:20 Фото: freepik
2025 жылғы 25 тамыздағы Ұлттық банк басқармасының қаулысымен экономиканың салалары мен төлем тағайындау кодтарын қолдану қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, төлем тағайындау кодтарының егжей-тегжейлі кестесі жаңартылды.

Не өзгерді:

  • 721-код өзгертілді – "Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүлік үшін төлемдер" (7-бөлім: Тауарлар және материалдық емес активтер);
  • жаңа 723-код енгізілді – "Көппәтерлі тұрғын үй немесе жекелеген тұрғын үйлер кешені құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша үлесті сатып алуға төлемдер".

Өзгерістер 2026 жылғы 2 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Бұған дейін Қазақстанда банктік шоттарды жүргізу және ақша аударымдары ережелерінің өзгергені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: