"Алмасити-2" тұрғын үй кешенінде 1000-нан астам пәтер "Қазақтелеком" АҚ қызметтеріне қол жеткізді
Сурет: "Қазақтелеком" АҚ
Енді осы заманауи кварталдағы 1000-нан астам пәтер "Қазақтелеком" АҚ қызметтеріне қосылудың техникалық мүмкіндігіне ие болды.
Желілер іске қосылған күні Алматы өңірінің Бөлшек бизнес департаментінің ұжымы тұрғындар үшін көшпелі промо-акция өткізді. Белсенді сату орталығының мамандары клиенттерге компанияның байланысы, тарифтері мен қызметтері туралы кеңес берді. Іс – шара қызығушылық тудырып, тұрғындар компания өкілдерімен сөйлесіп, сұрақтар қойып, шарттарды нақтылады және өтінімдерді дереу ресімдеді.
"Желіні қосу – бұл істің жартысы ғана. Ең бастысы – клиентпен байланыс орнату, жақын болу және біз ұсынатын мүмкіндіктер туралы уақытында айту. Жанды қарым-қатынас бізге адамдарға жақын болуға көмектеседі", – деп атап өтті Алматы өңірінің В2С сегментінің коммерциялық директоры Ерлан Исанов.

Сурет: "Қазақтелеком" АҚ
"Интернет тез қосылды, балалар бәрін түсіндірді, қосылуға көмектесті. Жылдамдық уәде еткендей жоғары, жұмыс пен отбасы үшін бұл өте ыңғайлы. Компанияның клиенттерді қосып қана қоймай, қолдайтыны қуантады", – деді жаңа тұрғын үй кешенінің тұрғыны Гүлнар Отарбаева.
"Қазақтелеком" АҚ Алматыда цифрлық қамтуды белсенді түрде кеңейтуді жалғастырып, заманауи технологияларды әрбір үй мен әрбір отбасы үшін қолжетімді етуді жалғастыруда.