ҚМА арнайы операциясы: Таиландтан келген сәлемдемеден есірткі табылды

ҚМА арнайы операциясы: Таиландтан келген «сыйқырлы» сәлемдеме қазақстандықтың тұтқындалуына себеп болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2025 14:29 Сурет: Telegram/afm_rk
Қарағанды облысы бойынша ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті прокуратураның үйлестіруімен ірі көлемдегі есірткі заттарының контрабандасын әшкереледі. Бұл туралы 2025 жылғы 9 қыркүйекте Zakon.kz-ке ҚМА баспасөз қызметінде хабарлады.

Агенттік мәліметінше, бақыланатын жеткізу әдісі қолданылған арнайы операция барысында Таиланд Корольдігінен есірткі арнасын ұйымдастырған азамат анықталып, әшкереленді.

Қылмыстық әрекетін жасыру мақсатында күдікті өзінің танысы – кәмелетке толмаған жасөспірімді «дроп» ретінде пайдаланып, есірткі салынған пошталық сәлемдемені «Қазпошта» АҚ арқылы оның атына рәсімдеген.

Жеке тінту кезінде одан 1,3 келі есірткі заты – каннабис WAX тәркіленді.

Тергеу барысында күдіктінің Қарағанды қаласында Telegram мессенджері арқылы «жертөле» әдісімен есірткі таратқаны да анықталды.

Қазіргі уақытта күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: