Павлодар облысында ауруханаға қоян безгегін жұқтырған екі бала түсті

Анализ, анализы, больница, поликлиника, врач, врачи, доктор, доктора, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2025 21:45 Фото: Zakon.kz
Павлодар облысында қоян безгегін жұқтырған екі бала ауруханаға түсті. Олардың бірі бұл ауруды шілде айының соңында жұқтырыпты. Кішкентай науқас безгектің жеңіл түрімен ауырып, бір аптадан кейін емделіп шыққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK ақпаратына сүйенсек, дәл осындай диагнозбен жансақтау бөліміне жеткізілген төрт жасар баланың жағдайы тіпті ауыр болған. Дәрігерлер оның ауруы асқынып кете жаздағанын айтады. Өйткені келіп түскен қыз баланың көзі ісіп, іші іріңдеп кеткен дейді. Қажетті емін алған бүлдіршіннің жағдайы жақсара бастаған. Дәрігерлер беті бері қараған науқасты бірер күнде инфекциялық стационардан бейінді бөлімшеге ауыстырады.

"Екінші баланың жағдайы ауыр болды. Вирус инфекциясы оның ағзасына айтарлықтай әсер еткен. Әсіресе іш құрылысы мен өкпесіне зақым келген. Қазір оның жағдайы тұрақталды. Екі науқастың арасында өзара байланыс болмаған. Қазір жұқпалы ауру тарап кетпес үшін онымен байланысқан барлық адам тексеріліп жатыр",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін мәжіліс депутаттарының экологиялық жобаларға инвестиция тарту мәселесін көтергенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: